«2008 жылы туған екі баланың да аяғы сынған. Екеуі де облыстық балалар ауруханасына жіберілді. Ал бір бала жеңіл жараланып, амбулаториялық бақылауға алынды»,- деп хабарлады Бекболат Ізбасаров.
Оқушылар мінген көлік жантүршігерлік жол апатына ұшырады

Оқушылар мінген көлік жантүршігерлік жол апатына ұшырады
Ақтөбеде оқушылар жол-көлік апатына түсті. Біреуі көз жұмып, төртеуі ауруханаға жатқызылды деп хабарлады turkystan.kz.
4 наурыз күні сағат 20:55-те Шалқар-Бозой тасжолында жол апаты болды. Кәмелетке толмаған бала Toyota Land Cruiser автокөлігінің руліне ие бола алмай, аударылды.
«Салдарынан бір бала оқиға орнында қаза болып, ал төртеуі ауруханаға түсті. Ата-аналар, әр баланың өмірі қымбат екенін ескеріп, көлікті балаларға бермеуді сұраймыз»,- деді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Нариман Мұхтаров.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаровтың айтуынша, 2007 жылы туған қыз ауруханаға ес-түзсіз жеткізілді. Ол ашық бас-ми жарақатын алған. Миына қан құйылған. Дәрігер жағдайы өте ауыр деп отыр.