50254
Қазақстандық конькишілер «Азия балалары» ойындарында 2 медаль алды
Қазақстандық конькишілер «Азия балалары» ойындарында 2 медаль алды

Қазақстандық конькишілер Ресейдің Кемерово қаласында қысқы спорт түрлерінен өтіп жатқан «Азия балалары» ойындарында 1 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz «Спортты дамыту дирекциясының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Варвара Глухова конькимен жүгіруден масс-стартта мәре сызығын бірінші болып қиды.
Ол 6:11.61 секундта жүгіріп өтті. Беларусь өкілі Палина Севецке күміс, ресейлік Екатерина Островскаяға қола жүлде бұйырды.
Сонымен қатар Денис Мезенцев, Михаил Бровко, Михаил Матрюхин командалық спринтте 1:36.75 секунд нәтижемен екінші орынға ие болды. Мұнда Сібір федералды округі алтын алса, Беларусь конькишілері үздік үштікті түйіндеді.
Қазіргі кезде Қазақстан құрамасы қоржынында 2 алтын, 5 күміс, 5 қола медаль бар.
Кемероводағы «Азия балалары» ойындары ертең мәресіне жетеді.

