«AMANAT» партиясының үміткерлері Петропавлда емхана қызметкерлерімен кездесті

«AMANAT» партиясының үміткерлері Петропавлда емхана қызметкерлерімен кездесті

«AMANAT» партиясының үміткерлері Петропавлда емхана қызметкерлерімен кездесті
ашық дереккөзі
50194
Үгіт-насихат науқаны аясында партиялық тізім бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Есжан Оразалин, Тимур Бекеев және Ағыбай Көшімбаев үшінші емхана ұжымымен кездесті. «AMANAT» партиясының өкілдері бірінші кезекте жиналғандарға өңірлердегі медициналық инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жоспарлар туралы айтып берді. Әсіресе, кездесуге қатысушылар партия медицина қызметкерлерінің орташа жалақысын 2027 жылға дейін көтеруге және дәрігерлер мәртебесін заңнамалық тұрғыдан бекітуге ұмтылатыны туралы жаңалықты қуана қабылдады. Депутаттыққа кандидаттар сұрақтарға жауап бере отырып, басқа салаларға қатысты бастамалар туралы да әңгімеледі.
«Біз Петропавлда «Копай», «Жас Өркен», «Орман», «Береке» шағынаудандарында 4 мектеп салуды, сондай-ақ 50 орындық жатын корпусы бар 300 орындық ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған мектеп салуды көздейтін боламыз. Сонымен қатар білім беру нысандарын күрделі жөндеу жоспарланған», - деді Тимур Бекеев.
Сондай-ақ депутаттыққа кандидат партия педагогтар мен медицина қызметкерлеріне үлкен көңіл бөлетінін атап өтті. Олардың сапалы жұмыс істеуі үшін барлық жағдайлар жасалады. Сонымен қатар қызметкерлерді қауіпсіздікке қатысты мәселелер қызықтырды.
«Әрине, азаматтардың қауіпсіздігі - партия үшін басты міндеттердің бірі. Біз қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл бойынша қажетті іс-шараларды өткізуге қол жеткізетін боламыз. Ол үшін 120 бейнебақылау камерасын орнатуға жәрдемдесуді жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде отандастарымыздың қауіпсіздігінің жоғары деңгейіне қол жеткізіледі», - деп атап өтті Ағыбай Көшімбаев.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Серіктес жаңалықтары