ҚХП – қазақстандықтар лайықты зейнетке шығуын талап етеді

/
ҚХП – қазақстандықтар лайықты зейнетке шығуын талап етеді
ашық дереккөзі
ҚХП – қазақстандықтар лайықты зейнетке шығуын талап етеді 1 наурызда Парламент Мәжілісі депутатығына кандидат Нұрсұлтан Шоқанов пен Эльмира Әуезова «LCI-MK» темірбетон шығару мен көпірлерді құрастыру ЖШС ұжымымен кездесті. Мақсат Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыру.  width=
«Біз әйелдер 58 жаста зейнетке шығу керек деген қозғалысты қолдап, митингілерге қатыстық. Нәтижесінде, әйелдердің зейнетке шығу жасын 61  жастан ұлғайтпау жөнінде 5 жылдық мораторий жарияланды.  Біз әйелдердің құқығын парламентте қорғайтын боламыз», – деді Эльмира Әуезова.
Халық партиясы ауыр, зиянды немесе қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерді 50-55 жастан зейнетке шығаруды талап етеді. Кездесуде денсаулық саласындағы проблемалар көтерілді. Еліміздегі жұмыссыздыққа байланысты көптеген азаматтар МӘМС төлеуге қауқарсыз. Осының салдарынан елімізде көп адамдар медициналық көмекті ала алмай отыр. Сондай-ақ  мемлекеттік сақтандыру көпбалалы, мүгедек балалы және толық емес отбасындағы аналарға қажет.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары