50370
Тараз қалалық сотының төрағасы 3 жылға сотталды
Тараз қалалық сотының төрағасы 3 жылға сотталды

Тараз қалалық сотының төрағасы жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталды деп хабарлады turkystan.kz.
Антикордың мәліметінше, Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаров жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
«Сотталушы сатып алу-сату мәмілесін және меншік құқығын жарамды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оң шешімге жәрдемдескені үшін азаматтан алдау жолымен 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алды», - делінген хабарламада.