Бүгін «AMANAT» партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткерлер мен облыстықмәслихат депутаттығына үміткер азаматтар сайлауалды үгіт-насихат бойынша облысорталығындағы бірнеше мекеме жұмысшыларымен кездесті.
ҚР Парламенті Мәжілісіне партиялық тілім бойынша атынұсынған Анатолий Бойчин және облыстықмәслихат депутаттығына үміткер РаушанДаумова мен Байғабыл Майкотов «12 месяцев» сауда үйіне барып, сатушылармен және тұтынушылармен кездесті.

Кездесу барысында дүкен сатыушылардың және қала тұрғындардың сұрақтарына жауапберіп, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Сонымен қатар, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстармен бөлісті.
Партиялық тізім бойынша Мәжіліске үміткер Нұржан Әшімбетов және облыстық мәслихатдепутаттығына үміткер Ирина Чидунчи, Света Абдраманова Павлодар қаласының халыққақызмет көрсету орталығында болды. Орталық мамандарымен және әртүрлі мемлекеттік қызметалуға келген тұрғындармен әңгімелесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Белсенділер 2023-2027 жылдарға арналған «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!»сайлауалды бағдарламасы аясында көрсетілгенмақсат-міндеттерге тоқталды. Нұржан Әшімбетовтің сөзінше, «AMANAT» партиясыныңбес жылдық сайлауалды бағдарламасындақарапайым еңбек адамдарының мәртебесінкөтеріп, табысын арттыру бағытында нақтыміндеттер көрсетілген. Мәселен, мемлекеттікжәне азаматтық қызметкерлердің еңбекақысынарттыру арқылы жалақы жүйесін қайтақарастыру көзделген.
ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткер Анатолий Бойчин, Вера Ким және облыстық мәслихатыныңдепутаттығына үміткер Рамиль Смаилов«ОLYMP» клиникалық-диагностикалықзертханалар орталығының жұмысшыларыменкездесу өткізді.
Алдымен Анатолий Бойчин Павлодар облысы атынан Мәжіліске және мәслихатқа аттарын ұсынған азаматтармен таныстырып, "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасына тоқталды.
- Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек. Себебібиыл Парламенті мәжілісі жаңартылған жүйебойынша құрылатын болады. Атап айтқанда, депутаттардың 70 пайызы партиялық тізімменжәне 30 пайызы мажоритарлық негіздесайланады. Ал облыстық мәслихатқа баратындепутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйеарқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойыншаөтеді. Биылғы сайлау науқанына жалпы 7 партия қатысып, өз бағдарламаларын ұсынды.Соның ішінде "AMANAT" партиясы ең ауыркезеңде халықпен бірге болған партиялардың бірі, - деп атап өтті Анатолий Бойчин.
Белсенділер партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша алдағы уақыттамедицина саласында қандай жаңашылдықтарболатынын атап өтті. Мәселен, жаңғыртылғанжәне жаңа медициналық-әлеуметтік мекемелербазасында Қарттарға күтім қызметі құрылады. Олар медициналық және паллиативтік көмекпен, үйде күтім жасаумен қамтамасыз етеді, белсендіөмір салтын жүргізуге жәрдемдеседі. Бағдарламада медицина саласы сапасынарттыруға бағытталған өзге де өзекті ұсыныстарқамтылған.
Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері «Баянтау» спорт кешенінде сайлаушыларымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасы арқылы спорт саласындағы атқарылуы тиіс жұмыстармен бөлісті. Спортшылармен жәнежаттықтырушылармен кездесуге ҚР ПарламентіМәжілісіне үміткер Анатолий Бойчин, Вера Ким, облыстық мәслихатқа үміткер Олег Костенко, Жанбол Жилбаев барды.

«AMANAT»
Серіктес жаңалықтары