Бананның қазақша атауын білесіз бе?

Бананның қазақша атауын білесіз бе?

Бананның қазақша атауын білесіз бе?
ашық дереккөзі
56307
Ақын, жазушы Мұнайдар Балмолда бананның қазақша атауына қатысты Facebook-тегі парақшасында жазба жариялады.
«Бананды «сарықисық» деп аударыпты дегенді оқып, ұялып кеттім. Бананның ежелден қазақша атауы бар ғой. Оны мәуіз дейді. Ұлы Жібек жолы тартылған кезеңнен бері солай аталады. Банан қазаққа жақсы таныс дәм болған. Мұны этнограф ғалым Жағда Бабалықұлы жазып, айтып түсіндірген. Біз осыған мән бермей келеміз. Мәуіз деген қандай әдемі мағыналы атау! Әуезді естіледі. Ендеше, бұдан былай бананды мәуіз дейік» деп жазды М. Балмолда.
Ол қазақтың көне сөздерін тірілтіп, баяғыдан бар ұлттық атауын ас мәзірлеріне енгізу қажет екенін жеткізді.  

Серіктес жаңалықтары