Партия имиджі сайлауалды штабтың жұмысына тікелей байланысты

Партия имиджі сайлауалды штабтың жұмысына тікелей байланысты

Партия имиджі сайлауалды штабтың жұмысына тікелей байланысты
ашық дереккөзі
50262

Alikhan Bokeikhan University-нің бас ғимаратында «АМАNАТ» партиясының Абай облыстық сайлауалды штабының сайлауалды науқан басталғаннан бергі жұмыстары бойынша кеңес өтті.

Жиынға партияның облыстық филиал және сайлауалды штаб төрағасы Қуаныш Сүлейменов, штаб төрағасының орынбасарлары Думанғазы Арғынғазин, Шағангүл Жанаева, Маржан Бақыт және Зульфия Жамалтдинова қатысты. Қуаныш Сүлейменов сайлауалды штаб мүшелерінің белсенді жұмыстарын атап өтіп, алдағы уақытқа осы қарқында жұмыс істеулерін сұрады.

 width=

– Сайлауалды науқанның бірінші күнінен бастап бірқатар жұмыстар атқаралып жатыр. Осы сәтті пайдалана отырып, сіздермен «AMANAT» партиясының филиалына 24 мың мүшелерінің ішінен таңдалып, сайлауалды штаб құрамында бірлесе жұмыс атқарып жатқанымызға қуанышты екенімді жеткізгім келеді. «AMANAT» партиясының облыстық филиалының имиджі сайлау алдындағы компанияның қалай қалыптасатынына, бүкіл сайлау алдындағы жұмыстың қалай жүргізілетініне байланысты. Сондықтан бірлесе отырып көптеген мәселелерді шешіп, облысымыздың дамуына өз үлесімізді қосуымыз керек, - деді Қуаныш Сүлейменов.

Кеңес барысында алдағы сайлауалды компанияның ұйымдастырушылық кезеңіне тоқталды. «AMANAT» партиясының облыстық филиалының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің меңгерушісі Бақытгүл Садықова штабтың құрылымдық жағына тоқталып, жиналғандарды өңірлік сайлауалды штаб аппаратының жұмыстары бойынша талдау жүргізіп өтті.

Абай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.  width=

 

Серіктес жаңалықтары