Түркістанда төрт күн бұрын жоғалған аңшы іздестірілуде

Түркістанда төрт күн бұрын жоғалған аңшы іздестірілуде

Түркістанда төрт күн бұрын жоғалған аңшы іздестірілуде
ашық дереккөзі
50292
Түркістан облысының Бәйдібек ауданында төрт күн бұрын жоғалып кеткен аңшы іздестірілуде деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, төрт күн бұрын Бәйдібек ауданының өрт сөндіру бөлімінің 101 байланыс телефонына Арыстанды өзенінің жағалауында бір азаматтың жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Белгілі болғандай, іздестіріліп жатқан ер адам 24-ақпан күні түнгі сағат 22:30-да аңшылық кезінде жоғалып кеткен. Серігінің айтуынша, соңғы рет ол қамыс алқабында адасып қалғанын хабарлаған. Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге облыстық ТЖД жедел құтқару жасағының 11 құтқарушысы мен 2 жүзу құралы және 1 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, департаменттің 40 қызметкері мен 3 техникасы, Полиция департаментінен 9 қызметкер, жергілікті атқарушы органдардан 10 қызметкер және жергілікті тұрғындар 60 адам жетті. Алайда төрт күндік іздестіру жұмыстары әзірге нәтиже бермеді. Қазіргі таңда дронның көмегімен 40 шақырымдай жерге шолу жасалуда.

Серіктес жаңалықтары