Жетісу облысында 100-ге жуық медициналық нысан салынады

Жетісу облысында 100-ге жуық медициналық нысан салынады

Жетісу облысында 100-ге жуық медициналық нысан салынады
ашық дереккөзі
50220
«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Римма Салықова Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының қызметкерлерімен кездесті.
«AMANAT» партиясы Жетісу өңірінде 2021-2022 жылдары 2,2 мың орындық 8 мектеп, 290 орындық 3 балабақша салып, 15 білім беру нысанына күрделі жөндеуден өтуіне ықпал етті. Одан өзге 4 медициналық нысанды халық игілігіне пайдалануға беріп, 15 медициналық пункт салуға көмектесті. Партия сол уақыттағы сайлауалды бағдарламасында уәде еткен басым басымдықтардың бәрін жүзеге асырды. Мұнан «AMANAT» партиясының нақ істер саяси құрылым екенін аңғару қиын емес. Бастысы, уәде етілді, уәде орындалды», - дедеді ол.  

Оның айтуынша, өңірде 2027 жылға дейін тағы 100-ден аса медициналық нысан салынбақ.

Өңірде 200 тарта дәрігер маман тапшы. 200-ден астам денсаулық сақтау мекемесі жалға берілетін және бейімделген ғимараттарда орналасқан. Мұндай кемшін дүниелерді шешу үшін етжеңді бастамалар керек. «AMANAT» партиясы осындай бастамаларды өзінің 2027 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасында нық көрсетіп отыр. Партиямыз 2027 жылға дейін өңірде 100-ге жуық медициналық нысан салуға көмектеседі. 34 нысанды күрделі жөндеуге ықпал етеді. Алғашқы дәрігерлік көмек ұйымдарына 255 дана жабдық алынып, бұл ұйымдағы қажеттілік толық өтеледі. Осындай ауқымды жұмыстар өзегінде өңірдегі медицина жоғарғы стандарттарға сай болады, - деді Римма Салықова.

Кандидат мұнан кейін ауылшаруашылығындағы өзекті мәселелерді тарқатты. Жетісу өңіріндегі халықтың 56 пайызы ауылдық жерлерде тұратынын айтты. Алайда барлық ауылшаруашылық техникаларының 65 пайызы, су шаруашылығының нысандарың 70 пайызы тозған.

Сала мамандарының мәліметінше, атаулы сала бойынша жайылымдық жердің тапшылығы 700 мың гектарды құрап отыр. Римма Салықова осы мәселелерді «AMANAT» партиясы алдағы бес жылдықта толық шешпек.

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Серіктес жаңалықтары