50351
Жоғалып кеткен 5-сынып оқушысы аман-есен табылды
Жоғалып кеткен 5-сынып оқушысы аман-есен табылды

Ақсай қаласында жоғалып кеткен 5-сынып оқушысы аман-есен табылды деп хабарлады turkystan.kz.
БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 27 ақпан күні кешкісін болған.
«Ақсайдағы №6 мектеп-лицейдің 5-сынып оқушысы Алан Мерғалиев білім ордасынан сағат 19.15-те шыққаннан үйіне оралмаған. Баланы іздестіру іс-шараларына бүкіл жеке құрам жұмылдырылды. Соның нәтижесінде оқушы 28 ақпанға қараған түнгі сағат 00.20 шамасында аман-есен табылды. Толық ақпарат кейін беріледі», - деп хабарлады ведомство.