53 жастағы азамат өмірінде алғаш рет жеке куәлік алды

53 жастағы азамат өмірінде алғаш рет жеке куәлік алды

53 жастағы азамат өмірінде алғаш рет жеке куәлік алды
ашық дереккөзі
50200
53 жыл құжатсыз жүрген атыраулық тұрғын өмірінде алғаш рет жеке куәлік алды деп хабарлады turkystan.kz. Облыстық полиция мәліметінше, 1970 жылы туған тұрғынның құжаты ескі үлгіде болған. 2021 жылдан бері денсаулығына байланысты Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығында ем алуына байланысты құжаттармен бірқатар қиындықтар туындаған. «Мейірім Қазақстан» үкіметтік емес ұйымының өкілдері және емхана қызметкерлерінің қолдауымен көші-қон инспекторлары жұмыс барысында жедел әрекет етіп, 53 жастағы азаматтың жеке куәлігін дайындап, табыстады. Ал ол өз кезегінде атқарылған жұмысқа ризашылығын білдірді.

Серіктес жаңалықтары