Ескірген шатыр, шелек: «Астана Аренаның» 14 жылдан кейінгі көрінісі

Ескірген шатыр, шелек: «Астана Аренаның» 14 жылдан кейінгі көрінісі

Ескірген шатыр, шелек: «Астана Аренаның» 14 жылдан кейінгі көрінісі
ашық дереккөзі
50328
Өткен демалыс күндері Суперкубок үшін Қазақстанда жаңа футбол маусымы басталды. Келген жанкүйерлер тек «Астана» және «Ордабасы» клубтарының ойынын ғана емес, стадионның қазіргі күйін көріп қайтты. Қазақстандағы ең жақсы стадионның бірі саналатын «Астана Аренаның» шатыры ескіріп, орындықтарын тот басқан деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Стадионның су тамшылаған жерлерінде көлемді шелек ыдыстар қойылған.  width=  width= Алайда, жанкүйерлердің көбі шатырдан аққан суға таңғалмай, бірден құрғақ орындықтарға жайғыса берді. Кейбір жерлерге целлофан жабылған.  width= Мұндай жағдай тек қар ерігенде немесе жаңбыр жауған уақытта болады.  width= Айта кету керек «Астана Арена» құрылысының құны 200 миллион долларды құрады. 2009 жылы салтанатты түрде ашылған стадион 2023 жылғы көрінісі осындай.  width=  width=  width=  width= Бір жыл бұрын стадионда «Астана» мен «Шахтер» арасындағы футбол премьер-лигасының бірінші туры кезінде «Астана Аренадағы» шатырдың бір бөлігі опырылып түскен. Ол кезде жанкүйерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Серіктес жаңалықтары