Қазақстан мергендер құрамасы Кувейтте өткен халықаралық турнирде 13 медаль жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Кувейтте екі ірі стендтік ату жарысы – Азия Кубогы және «Кувейт Гран-приі» басталған болатын. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 350-ден астам спортшы келді. Қазақстан атынан 28 мерген бақ сынап жатыр.
Олар екі турнирде де ерекшеленіп, барлығы 13 медаль жеңіп алды: 6 алтын, 4 күміс және 3 қола.
Спортшылар барлық медальді «скит» – дөңгелек стендтен ату жарысында иеленді.
Азия Кубогының алтыны:
Ольга Панарина мен Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина бастаған әйелдер құрамасы;
Данил Стрельцов пен Адель Садақбаева бастаған жасөспірімдер құрамасы;
микс-команда – Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко
Күміс медаль:
Эдуард Ещенко, Юнус Мачжон және Артем Седельников (ерлер құрамасы);
Илья Пеньков пен Амалия Кудрявцева (жасөспірімдер командасы);
Зоя Кравченко мен Юнус Мачжон (аралас команда)
Қола медаль:
Әсем Орынбай;
Эдуард Ещенко;
Эвелина Шек.
Ал ең беделді «Кувейт Гран-приі» алтын жүлдесін Зоя Кравченко жеңіп алды.
Айта кетейік, Азия Кубогы мен «Кувейт Гран-приі» 2 наурызда аяқталады.
