«AMANAT» – халықтың партиясы. Сол себепті ел азаматтарының тыныс-тіршілігін зерделей келе сайлауалды бағдарламасында ең алдымен тұрғындардың әлеуетін арттыру бағытында кешенді жоспар құрып отыр. Соның ең негізгісі баспана мен жұмыссыздық мәселесі», – деді Бақдәулет Махашов.Үмікер Гүлшат Мұсаева кәсіп ашудағы кедергілер, бастаған кәсіпті дөңгелетіп алып кету аясында пікір алмасып, кәсіпкерлікті қолдау бойынша партияның сайлауалды бағдарламасындағы айқын мақсаттарды жеткізді. «AMANAT» партиясы облыста өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін 30%-ға өсіруге, шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санын 130 мың адамға жеткізуді, сонымен қатар негізгі капиталға инвестиция көлемін 2 есеге артыруды мақсат етіп отыр.
Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.
