Шетелде оқыған қазақстандықтар елімізде қызмет етуі тиіс – Олжас Құспеков

Шетелде оқыған қазақстандықтар елімізде қызмет етуі тиіс – Олжас Құспеков

Шетелде оқыған қазақстандықтар елімізде қызмет етуі тиіс – Олжас Құспеков
ашық дереккөзі
50301
Respublica партиясынан Парламент мәжілісінің депутаттығына кандидат Олжас Құспеков Facebook-тегі парақшасында қазақ жастарының көршілес Ресейге білім алуға кетіп жатқанына алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, мектеп бітірген түлектерді өз елімізде қалдырудың маңызы зор.
«Қазақстан Ресейдегі студенттер саны бойынша жетекші елдердің көшін бастап тұр. Қазір Ресейдің жоғары оқу орындары мен олардың шетелдегі филиалдарында 61 мың қазақстандық білім алып жатыр. Бұл – Ресей Федерациясының Жоғары білім және ғылым министрлігінің ресми деректері. Ұлттық тұрғыдан алғанда, алаңдатарлық цифр. Өзге елде білім алып келіп, оқуын Ресейде жалғастыратындар да бар. Өкінішті. Жастарымыздың білім іздеп теріскейді бетке алуының бір себебі - онда көп студент тегін оқиды. Ал Қазақстанда жастарға жақсы жағдай жасауға не кедергі?!» - дейді кандидат.
Сондай-ақ Олжас Құспеков елімізде ол үшін барлық ресурс та, күш те бар екенін айтты.
«Мен бір нәрсені анық білемін, кадрларды дайындау жағынан ресейлік жоғары оқу орындарында ештеңе жоқ. Мәселен, олардың әлемді елең еткізген қандай да бір ғылыми жаңалықтарын немесе университеттеріндегі ғылыми орталықтардың ауыз толтырып айтарлық жетістіктерін естідіңіз бе немесе оқыдыңыз ба? Өз басым оларды халықаралық салада көрген де емеспін, білмеймін де. Білім – тиімді күштің, ойлау мен көзқарасты қалыптастырудың бірегей құралы. Егер біз студенттерімізді Батыс немесе Азия елдеріне жібереміз бе, онда дәл қазіргі таңда Еуропа, Америка, Аустралия, Корея университеттеріне баса назар аудару қажет. Сосын олар елге келіп қызмет етуі тиіс. Бұл міндетті болуы керек. Немесе өзімізде оқысын, өз елімізде білім алсын! Сонда ғана елін сүйетін, халқына қызмет ететін буынды сақтап қала аламыз», - дейді партия өкілі.
Кандидаттың пікірінше, біз не отандық білімге, не қазірден бастап Айви лигасына назар аударуымыз керек.
«Бір қызығы, қазір сайлауға түсіп жатқан Қазақстан халықтық партиясындағы бұрынғы коммунистердің көзқарасы басқаша.  Мәселен, «Вести FM» радиосының «Соловьев» бағдарламасының тікелей эфирінде партия лидері Ермұхамет Ертісбаев ТМД Ресей үшін жеткілікті тиімді құрылым екенін айтты. Өйткені, мұндағы басты фактор – ТМД елдері бір-бірінің жоғары білім беру жүйесіндегі дипломдарын таниды. Ал ТМД елдері студенттерінің көпшілігі қайда оқып жүр? Әрине, Ресейде!» - деді кандидат.

Серіктес жаңалықтары