«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Абай облысында сайлаушылармен кездесті

/
«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Абай облысында сайлаушылармен кездесті
ашық дереккөзі
«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Абай облысында сайлаушылармен кездесті «AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы мүшелерінің өңірлердегі сайлаушылармен кездесуі жалғасып жатыр. Бүгін партиялықтар Абай облысына келді. Семей қаласында «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов №35 бағыттағы автобусқа отырып, қала тұрғындарымен сөйлесті. Тұрғындар ТКШ, жол жөндеу, әлеуметтік нысандар салу сияқты, басқа да мәселелерді көтерді.  width= Бұдан соң автобус паркінде өткен қоғамдық көлік саласының қызметкерлерімен кездесуде жолаушылар тасымалы мәселелері талқыланды.
«Қоғамдық көлік саласын дамыту – еліміздің барлық қаласында өзекті мәселе. Лық толы автобустар, оларды аялдамада сарылып ұзақ күту және тозығы жеткен қоғамдық көліктер тұрғындардың өмір сүру сапасына кері әсерін тигізеді», - деп атап өтті Ерлан Қошанов.
Сондай-ақ штаб мүшелері Ядролық медицина және онкология орталығының ұжымымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның өңірлердегі медициналық инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бөлімі туралы айтты.  width= Осы күні штаб мүшелері Семейдегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының өкілдерімен және қала белсенділерімен коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және МИБ-ті (Мүлік иелерінің бірлестігі) енгізу мәселелерін талқылады.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары