Александр Бублик Марсель турнирінің жартылай финалына шықты

Александр Бублик Марсель турнирінің жартылай финалына шықты

Александр Бублик Марсель турнирінің жартылай финалына шықты
ашық дереккөзі
50416
Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Александр Бублик Марсель (Франция) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 25-іншінш3 ракеткасы болгариялық Григор Димитровпен шеберлік байқасты. Бірінші сетте А.Бублик сәтті ойнай білді – 7:5. Есесіне екіншісінде болгариялық спортшы брейкпен алға кетті – 3:1. Сол басымдылығын сақтап қала алды – 6:3. Үшінші, шешуші партияда матч тағдыры тай-брейкте шешілді. Онда сәттілік А.Бубликтің жағында болды – 7:6 (8:6). Екі сағат 20 минутқа созылған кездесуде А.Бублик 16 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 14 эйс, 2 брейкпен көзге түсті. А.Бублик финалға шығу үшін әлемнің 11-інші ракеткасы польшалық Хуберт Гуркачпен таласады. Ол ширек финалда тағы бір тартысты матчта дүниежүзілік рейтингте 69-орында тұрған швециялық Микаэль Имерді тізе бүктірді – 6:3, 3:6, 7:6 (8:6).

Серіктес жаңалықтары