«Страндж» кубогы: Оразбек Асылқұлов өзбек боксшысынан басым түсті (ВИДЕО)

«Страндж» кубогы: Оразбек Асылқұлов өзбек боксшысынан басым түсті (ВИДЕО)

«Страндж» кубогы: Оразбек Асылқұлов өзбек боксшысынан басым түсті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50241
Болгарияның София қаласында бокстан өтіп жатқан «Страндж» халықаралық турнирінде тағы бір қазақстандық боксшы жартылай финалға жолдама алды деп хабарлады turkystan.kz. Оразбек Асылқұлов пен Абдумалик Халоков ширек финалда 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кездесті. Бұл жекпе — жектің қорытындысы  4:1 есебімен қазақстандық боксшының пайдасына шешілді. Осылайша, Оразбек турнирдің жартылай финалисі атанып, кем дегенде "қола" жүлдеге ілігіп тұр. Айта кетейік, қазақстандық боксшының қарсыласы Абдумалик Халоков әлем чемпионатының күміс жүлдесін (2021), Азия чемпионатының алтынын (2022) иеленген. 2018 жылы жастар арасында өткен әлем чемпионатында топ жарған.

Серіктес жаңалықтары