51106
Белгілі қазақстандық музыкант Darkhan Juzz қайтыс болды
Белгілі қазақстандық музыкант Darkhan Juzz қайтыс болды

Белгілі қазақстандық музыкант Darkhan Juzz (шын аты - Дархан Жүнісбеков) қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Музыкант Instagram-дағы парақшасында соңғы жазбаны былтыр 17 қыркүйекте жариялаған.
Darkhan Juzz (шын аты Дархан Жүнісбеков) 1991 жылы 9 тамызда Алматыда дүниеге келген. Qazaq indie жанрында ән жазатын музыкант тыңдармандарға Sheker, Erikpe, Uide сияқты әндерімен танымал.