АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келеді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келеді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келеді
ашық дереккөзі
50404
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға алғаш рет сапармен келеді деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«2023 жылғы 28 ақпанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын жасайды. Астанада болуы барысында Мемлекеттік хатшыны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды және ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді онымен екіжақты келіссөздер өткізеді», - делінген хабарламада.
Сол күні Астанада Э.Блинкен және Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен С5+1 форматындағы Министрлік кездесу өтеді. Күн тәртібі өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестік мәселелерін одан әрі дамытуды қамтиды.

Серіктес жаңалықтары