ҰТО-да теннис кортын жалға алу тарифі қымбаттады

ҰТО-да теннис кортын жалға алу тарифі қымбаттады

ҰТО-да теннис кортын жалға алу тарифі қымбаттады
ашық дереккөзі
50205
Астана қаласындағы Ұлттық теннис орталығында 1 наурыздан бастап, кортты жалға алу тарифі қымбаттады. Бұл туралы теннис сарапшысы Ерік Ильясов Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Теннис қымбаттады. Астанадағы Ұлттық теннис орталығында 1 сағат ойнағыңыз келсе, кемінде 8000 теңге төлейсіз. Бұл тренер мен басқа шығындарды есептемегенде. Біз, Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту тапсырмасын ұмытқан сияқтымыз. Кешеден бері әуесқой теннисшілер наразылығын айтты.  Жекеме де бірнеше ата-ана да қарсылығын жазды. Олар, тікелей наразылығын білдіре алмайды. Өйткені, баласына зияны тиюі мүмкін.
«Балалардың топтық жаттығуын да қымбаттатып жатыр. Бізге жағдай жасағаннан, легионер ұстаған оңай шығар?!» - деп шағымданды бір ата-ана. Демек, соңғы сөйлемдегі қолайлы деген сөзге келіспей тұр» деп жазды Е.Ильясов.
Бұл мәліметке қатысты ҰТО-ның Instagram-дағы парақшасында тарифтің қымбаттауын растайтын жазба жарияланды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Kazakhstan Tennis Federation • Astana Open (@ktf.kz)

Серіктес жаңалықтары