50322
Павлодар облысында полицей қорадан өлі күйінде табылды
Павлодар облысында полицей қорадан өлі күйінде табылды

Ақсудағы ауылда өз үйінің қорасында учаскелік полиция инспекторының мәйіті табылды. Бұл туралы Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«23 ақпан сағат 06.35-те Ақсу қаласының М.Омаров атындағы ауылында өз үйінің қорасынан учаскелік полиция инспекторының мәйіті табылды. Ол суицид жасаған», - делінген хабарламада.
«Полиция Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаменті.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.