«AMANAT» партиясы сайлауалды штабының жұмысымен таныстырды

«AMANAT» партиясы сайлауалды штабының жұмысымен таныстырды

«AMANAT» партиясы сайлауалды штабының жұмысымен таныстырды
ашық дереккөзі
50266
«AMANAT» Республикалық сайлауалды штабында партияның Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев БАҚ өкілдерін кандидаттардың үгіт-насихат және үйлестіру орталықтарының, қоғамдық қабылдау бөлмесінің, медиа-штабтың, коворкинг алаңының, сондай-ақ штабтағы жастар секторының жұмысымен таныстырды.  width=
 «AMANAT» партиясының сайлауалды штабы «open space» қағидаты бойынша ұйымдастырылған және аптаның барлық күнінде тәулік бойы жұмыс істейді. Штаб, бұл –көпфункциялы сайлау науқанын басқару орталығы. Әр бөлім бірлесіп және жедел түрде белгілі бір шешімдер қабылдайды. Мұнда кандидаттар мен сенімді өкілдердің қатысуымен күнделікті түрлі іс-шаралар, арнайы оқытулар өткізіледі. Дәл осындай фронт-кеңселер барлық аймақта бар», - деп атап өтті Елнұр Бейсенбаев.
 width= Оның айтуынша, қазір еліміз бойынша аудан, облыс және республикалық деңгейде республикалық штабтар жұмыс істеп жатыр.
 «226 өңірлік және аумақтық сайлауалды штаб жұмысына 7,5 мыңға жуық адам жұмылдырылады. Сайлау науқаны басталғаннан бері еліміздің барлық өңірінде 300 000 сайлаушыны қамтыдық. 1 млн-ға жуық үгіт-насихат материалдары таратылды. 200 мыңға жуық агитациялық материалдар  жабыстыруға рұқсат берген стенд пен дүңгіршектерге орналастырылды», - деді Атқарушы директор.
«AMANAT» партиясынан Мәжіліске 90 кандидат ұсынылған.
 «Бір кандидат өз өңірінде, мәселесін білетін өңірлерде күнделікті кем дегенде 6-7 іс-шара ұйымдастырып жатыр. Оған қоса 29 бір мандатты кандидат бар. Олар жеке кестелері бойынша халықпен кездесіп жатыр. Мәжіліс пен мәслихатқа ұсынылған 4 мыңға жуық кандидат өңір-өңірде кездесулер өткізуде. Жалпы сайлау қорытындысы бойынша 1 млн-нан астам азаматты қамтыған 30 мыңнан астам кездесу өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл – тікелей кездесулер. Одан бөлек, әлеуметтік желідегі жұмыстар бар. Біз мейлінше, әлеуметтік желі арқылы азаматтарды қамтуға тырысып жатырмыз. Сенбі, жексенбі күндері мобильді топтар базар, сауда орталықтарының жанында азаматтардың ұсыныс, тілектерін қабылдайды. Сондай-ақ «Есіктен есікке» іс-шарасы аясында әрбір үйге кіріп, түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр», - деді ол.
 width= Ал баспасөз орталығында республикалық және өңірлік деңгейдегі барлық ақпараттық жұмыс бақыланып, өңделіп кері байланыс орнатылған. Сайлаудағы маңызды дүние – ақпараттық жұмыс. Жасалған бастамаларды көрсету, қоғамға жеткізу – аса маңызды. Сондықтан 17 облыстық және 3 қалалық медиа-жоспар мен бір республикалық медиа жоспар әзірленген. Онда әр күннің кестесі бекітілді. Бұндай ақпараттық жұмыс осы медиа-штабтың орталығында жүзеге асырылады.  width= Жастар секторы штабында белсенді жақтастардың қатысуымен кездесулер өтеді. Олар сайлауалды бағдарламасын жастардың тілімен халыққа жеткізу үшін әлеуметтік желіде креативті идеяларды топтастыру арқылы жүзеге асырып жатыр. Штаб өкілдері өзге жастардың ұсыныс, пікірлері ескеріліп, күнделікті түрде блогтар түсірілетінін айтты. Айта кетейік, штаб құрамына партияның 486 белсенді жақтасы кірді. Сайлаушылармен кездесу кестесі дайындалды. Сондай-ақ, бұл жұмысқа үміткерлердің 27 мыңнан астам сенімді өкілі де қосылды.  width=  width=

Серіктес жаңалықтары