50823
Оқушыға дауыс көтерген ақтаулық мұғалім жауапқа тартылды
Оқушыға дауыс көтерген ақтаулық мұғалім жауапқа тартылды

Ақтауда оқушыға дауыс көтеріп, дөрекі сөйлеген мұғалімге сөгіс жарияланды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ақтаудағы №1 мектепте ұстаздың оқушыға дауыс көтеріп сөйлеп жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарағаннан кейін Маңғыстау облыстық Білім басқармасы қызметтік тексеру жүргізді.
Видеодағы ер адам математика пәнінің педагогі ретінде 2018 жылдың 8 қаңтарында жұмысқа қабылданған.
«Аталған оқиға бойынша жиналыс өтті. Мұғалім кінәсін мойындап, ата-аналардан кешірім сұрады. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 64-бабы 2-тармағына сәйкес мұғалімге «сөгіс», бақылауды әлсіреткені үшін мектеп директорына «ескерту» жарияланды», - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен.
Мұндай жағдайлар қайталанбау үшін өңірдің білім беру ұйымдарына қатаң ескерту жіберілді.