Ақтөбеде жүк көлігі пойызға соғылды

Ақтөбеде жүк көлігі пойызға соғылды

Ақтөбеде жүк көлігі пойызға соғылды
ашық дереккөзі
50200
Самара-Шымкент тасжолындағы темір жол өткелінде пойыз бен жеңіл көлік тиеген жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz. Самара-Шымкент тасжолындағы оқиға бүгін сағат 15:50-де тіркелді. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, «Жазық» темір жол өткелінде бірнеше жеңіл көлік тиеген жүк көлігінің жүргізушісі пойызбен соқтығысты.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, автокөлік жүргізушісі бағдаршамның тыйым салу сигналына тоқтамаған. Сөйтіп, пойызға соқтығысқан. Апат салдарынан автокөлік жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Қазір жол-көлік оқиғасының нақты себебі анықталып жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Е.Сарқұлов.
Жүк тиеген көлікте барлығы 4 жеңіл көлік болған. Оның төртеуі жарамсыз күйге түссе, өзгесі бүлінбеген.  width=

Серіктес жаңалықтары