Президент Конституциялық Сот төрағасын қабылдады

Президент Конституциялық Сот төрағасын қабылдады

Президент Конституциялық Сот төрағасын қабылдады
ашық дереккөзі
50415
Мемлекет басшысы Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Кездесу барысында Президентке Конституциялық Сот өз жұмысын бастағаны, өкілеттігін жүзеге асыруға кіріскені, сондай-ақ биылғы 1 қаңтардан бері азаматтардан келіп түскен өтініштер жөнінде мәлімет берілді. Эльвира Азимова конституциялық іс жүргізуге қабылданған өтініштер мен конституциялық бақылау аясында жоспарланған шаралар туралы айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық іс жүргізудің барлық сатысының ашықтығын және Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібі туралы азаматтардың хабардар болуын қамтамасыз етудің, сондай-ақ Ата Заңның сақталуына бақылауды күшейтудің маңызды екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары