50240
Павлодарда 4 бала иіс тиіп, ауруханаға түсті
Павлодарда 4 бала иіс тиіп, ауруханаға түсті
Павлодарда пештің ақауы салдарынан 4 балаға иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Медицина мамандарының ақпараты бойынша, 19 ақпан күні сағат 08:54-те жер үйде 15, 11, 5 және 2 жас аралығындағы балалар иіс тиіп уланған.
«Балалардың барлығы облыстық балалар ауруханасына «Орта деңгейдегі ыстан улану» диагнозымен жеткізілді», - деп хабарлады Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.Мамандар, сондай-ақ, балаларды жедел жәрдем ауруханаға жеткізгенде олардың жанында 32 жастағы анасы болғанын айта кетті. Балалардың анасы да иіс тиіп уланған. Әйелдің сөзінше, үйде пештің ақауынан түтін исі шыққан.