50627
Қызылорда облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды
Қызылорда облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды

Жол апатынан 4 адам қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, 19 ақпан күні Самара-Шымкент автомобиль жолының 1768 шақырымында (Сырдария ауданы) Mercedes және Opel автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан төрт адам қаза тапқан. Ал бір адам ауруханаға жеткізілді.
Толық деректер анықталып жатыр.
Аталған дерек СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлімі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.