50506
Түркияда зілзала құрбандарының саны 39,6 мыңнан асты
Түркияда зілзала құрбандарының саны 39,6 мыңнан асты

Бұл туралы CNN Türk телеарнасының эфирінде елдің Ішкі істер министрлігінің басшысы Сүлейман Сойлу мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
Оның айтуынша, Түркияның оңтүстігінде болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 39 672-ге жетті. Табиғат апаты кезінде құлаған 20 мыңнан астам ғимарат орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Ведомство басшысы іздестіру-құтқару жұмыстарының басым бөлігі аяқталғанын айтты.