Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алады?

Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алады?

Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алады?
ашық дереккөзі
51014
Елімізде ең жоғары жалақыны кімдер алатыны белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қаңтар айында бұрғылау қондырғыларының механиктеріне (орта есеппен 900 мың теңгеден бастап), өндіріс бастықтарына (700 мың теңгеден бастап) және бұрғылау қондырғыларының машинистеріне (642 мың теңгеден бастап) жалақының жоғары деңгейі ұсынылды.
«Ал ең жоғары жалақы күту ғарыш инженерлері (орта есеппен 1,9 млн теңгеден бастап), бұрғылау қондырғылары бойынша инженерлер, ұшу қауіпсіздігі инженерлері (1 млн теңгеден бастап) және қаржы басшылары (979 мың теңгеден бастап) тарапынан болды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар жоғары білікті кадрларға, әсіресе денсаулық сақтау саласында сұраныс артқан.
«Қаңтар айында білікті мамандықтардың ішінде барлық профильдегі дәрігерлер (1893 бос жұмыс орны және 449 түйіндеме), жылжымайтын мүлік агенттері (872 бос жұмыс орны және 45 түйіндеме) және мейірбике қызметкерлері (1524 бос жұмыс орны және 727 түйіндеме) айтарлықтай тапшылықта болды. Қостанай (10 түйіндемеге 243 бос жұмыс орны), Ақмола (10 түйіндемеге 154 бос жұмыс орны) және Батыс Қазақстан облыстарында (5 түйіндемеге 140 бос жұмыс орны) жоғары білікті денсаулық сақтау кадрларының көпшілігі жетіспеді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары