Павлодар облысында жасөспірім мектепте бұрыш спрейін шашқан

Павлодар облысында жасөспірім мектепте бұрыш спрейін шашқан

Павлодар облысында жасөспірім мектепте бұрыш спрейін шашқан
ашық дереккөзі
50408
Павлодар облысында жасөспірім мектепте бұрыш спрейін шашып, 310 адам эвакуацияланды деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, 16 ақпан Ақсу қаласының полициясына Қалқаман кентінің мектебінде белгісіз біреудің бұрыш спрейін шашқаны туралы шақыру түскен.
«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Мектеп ғимаратынан 310 адам, оның ішінде 291 оқушы эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.
Бейнебақылау камераларын тексеру нәтижесінде осы мектептің 9-сынып оқушысы анықталды. Осы факт бойынша кәмелетке толмағанның заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал қолданыстағы заңнама шеңберінде шаралар қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады.

Серіктес жаңалықтары