50317
Алматыда бір апта бұрын жоғалған 2 оқушы табылды
Алматыда бір апта бұрын жоғалған 2 оқушы табылды

Алматыда бір апта бұрын жоғалып кеткен екі оқушы табылды деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы полициясы 7 ақпанда жоғалып кеткен екі оқушының қайда екенін анықтап, ата-анасына тапсыру үшін полиция бөлімшесіне алып келді.
«Қазір криминалдық полиция бөлімшесі із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұрған екі жасөспірімді тапты. Олар полиция бөліміне жеткізіліп, ата-анасына тапсырылады. Мекен-жайы анықталды. Екеуі уақытын компьютерлік клубтарда ойнаумен өткізген», - деді Бостандық аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Мақсат Қанапяев.