«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері оқиға орнына келгенде бір бөлмелі пәтерде үш шаршы метр алаңда жиһаз жанып жатқанын анықтаған. Барлау барысында дәлізде пәтер иесі – 1973 жылы туған екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі адам ес-түссіз күйде табылды», – деді департаментте.Құтқарушылардың нақты және үйлесімді іс-қимылдарының нәтижесінде баспалдақ арқылы екі адам құтқарылды. Олардың біреуі «103» қызметіне тапсырылды. Пәтер иесі Павлодар қалалық №1 аурухананың күйік шалу бөлімшесіне денесінің 25% бөлігін екінші-үшінші дәрежелі термиялық күйік шалған, жану заттарымен орташа улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Тілсіз жауды сөндіруге Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жеке құрамының 19 қызметкері мен 5 техника қатысты. Өрт сағат 06.34 минутта сөндірілді.
Өрт кезінде есінен танып қалған азаматқа көмек көрсетілді

Өрт кезінде есінен танып қалған азаматқа көмек көрсетілді
Павлодарда өрт кезінде пәтерден ес-түссіз жатқан ер адам табылды деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, «101» басқару пультіне 15 ақпанда сағат 06.07-де Бектұров көшесі, 351 мекенжайы бойынша бірінші кіреберістен түтін шығып жатқандығы туралы хабарлама түскен.