50320
Алматы маңында жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді

14 ақпанда Алматы маңында жер сілкінісі болды деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 14 ақпан күні Алматы уақытымен 16.00-де жер сілкінісін тіркеді.
«Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 71 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8.8. MPV магнитудасы – 4.2. Тереңдігі – 25 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ», - делінген хабарламада.