«1998 жылы туған Б. есімді әйел мен оның 1991 жылы туған Б. есімді күйеуі ұсталды. Бірнеше сағат бұрын әйел перзентханадан шыққан. Сол жерден бірден мәміле жасауға кеткен. Олар ұлын 2 млн теңгеге бағалаған. Айта кету керек, ерлі-зайыптылар дүниеге әлі келмеген бала үшін «әлеуетті ата-ананы» алдын ала іздеген. Жаңа туған нәрестені сатудан түскен ақша айыпталушыларды ұстау кезінде тәркіленді. Іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі (Кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша тіркелген қылмыстық іс материалдарына қосылды. Қылмыстық іс аясында жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деді Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.Бұл ерлі-зайыптылардың екі баласы бар екені анықталды. Олар ауыр қылмыс бойынша өз кінәларын толықтай мойындады.
Алматыда ерлі-зайыптылар жаңа туған сәбиін 2 млн теңгеге сатпақ болған

Алматыда ерлі-зайыптылар жаңа туған сәбиін 2 млн теңгеге сатпақ болған
Алматыда ерлі-зайыптылар жаңа туған сәбиін 2 млн теңгеге сатпақ болған деп хабарлады turkystan.kz.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, Алмалы ауданында арнайы іс-шараны ҰҚҚКБ жедел уәкілдері мен полицияның арнайы жасақ қызметкерлері бірлесіп жүргізді. Үйлестіруді Алматы қаласының прокуратурасы жүзеге асырды.