Батыс Қазақстанда республикалық жол жабылды

Батыс Қазақстанда республикалық жол жабылды

Батыс Қазақстанда республикалық жол жабылды
ашық дереккөзі
50243
Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық жол жабылды деп хабарлады turkystan.kz. «ҚазАвтоЖол» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша, 13 ақпан күні сағат 21.10-нан бастап республикалық маңызы бар Атырау-Орал (371-492 км, Орал қаласынан Чапаев ауылына дейін) күре жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді. Жабылу себебі – көктайғақ. Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланғанын жеткізді. Сонымен қатар «Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, 14 ақпан күні де өңірдің батысы мен солтүстігінде көктайғақ болуы ықтимал. Күндіз облыстың батысында бұрқасын соғуы мүмкін. Сондай-ақ желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Орал қаласында да көктайғақ болады.

Серіктес жаңалықтары