50436
Түркияда үйінді астынан қазақстандық әйелдің денесі табылды
Түркияда үйінді астынан қазақстандық әйелдің денесі табылды

Түркияның Кахраманмараш қаласында үйінді астынан қазақстандық әйелдің денесі табылды. Бұл туралы turkystan.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
«10 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында құтқару-іздестіру жұмыстары барысында әйелдің денесі табылды. Алматыдан келген туыстары оны ҚР азаматы Жанар Жақсыбекова деп таныды. Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан отандасымыздың денесін Кахраманмараштан Анталияға және одан әрі Алматыға жеткізуге, сондай-ақ қажетті құжаттарды ресімдеуге барынша жәрдем көрсетті. Бүгін мәйіт Талдықорған қаласына жеткізілді», - делінген хабарламада.