Қазақстанда 3,7 балдық жер сілкінісі тіркелді

Қазақстанда 3,7 балдық жер сілкінісі тіркелді

Қазақстанда 3,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
ашық дереккөзі
50729
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 10 ақпан күні Алматы уақытымен 20 сағат 21 минутта жер сілкінісін тіркеді деп хабарлады turkystan.kz. «Зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 259 км қашықтықта Қазақстан аумағында жатыр. Энергетикалық класы - 7.1. Магнитудасы - 3.7 MPV. Бағыты ошағынан 44.63° с.е. 79.47° ш.б. жатыр, тереңдігі - 10 км. Сезілуі туралы ақпарат жоқ», - делінген хабарламада. Бүгін қазақстандық сейсмологтар Қазақстан мен Ресей шекарасында 4,4 балдық жерасты дүмпулерін тіркеді. Сондай-ақ Алматы маңында, Қырғызстан аумағында екі рет жер сілкінді.

Серіктес жаңалықтары