Ыстамбұлдағы бас консулдық қазақстандықтарды есепке тіркелуге шақырды

/
Ыстамбұлдағы бас консулдық қазақстандықтарды есепке тіркелуге шақырды
ашық дереккөзі
Ыстамбұлдағы бас консулдық қазақстандықтарды есепке тіркелуге шақырды Қазақстанның Ыстамбұлдағы консулдығы Түркияда тұрып жатқан қазақстандықтарды тіркелуге шақырды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Құрметті Қазақстан азаматтары! ҚР Ыстамбұл қаласындағы бас консулдығы өзіне қарасты консулдық округтің аумағында (Айдын, Балыкесір, Бартын, Бурса, Дүзже, Зонгулдак, Едірне, Измир, Кыркларелі, Қожаелі, Кастамону, Маниса, Сакария, Синот, Текирдағ, Ыстамбұл, Чанаккале, Ялова) тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан азаматтарының есебін жүргізіп жатыр. Қазақстандықтардың есептік деректері тек қана олардың құқықтары мен заңды мүддесін, сондай-ақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатынына назар аударамыз», - делінген хабарландыруда. Аталған елде қандай да бір төтенше жағдай туындайтын болса, қазақстандықтардың мекенжайы туралы мәліметтер олармен шұғыл байланыс орнатуға және одан әрі іс-қимыл мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары