Астанада көліктерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілуі мүмкін

Астанада көліктерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілуі мүмкін
Астанада автомобильдердің қоғамдық көлікке арналған жолақта жүру мүмкіндігі қарастырылып жатыр деп хабарлады turkystan.kz қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.
Елордада осы мәселені шешу бойынша онлайн дауыс беру басталды, ол 2023 жылғы 10-27 ақпан аралығында жалғасады. Пилоттық жоба Абылай хан даңғылында А.Пушкин-Манас көшесі аралығына дейін енгізілді. Бұл көшелерде қарбалас уақыттан тыс уақытта және демалыс күндері қарапайым көліктердің жүруіне болады.
Ал таңертеңгі сағат 07.30-дан 9.30-ға дейін және кешкі сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін автобус жолағымен жүруге тыйым салады. Астаналықтар мына сілтемеде онлайн дауыс бере алады.