Мажарстандағы турнирде төртінші қазақстандық боксшы финалға шықты

/
Мажарстандағы турнирде төртінші қазақстандық боксшы финалға шықты
ашық дереккөзі
Мажарстандағы турнирде төртінші қазақстандық боксшы финалға шықты Мажарстанның Дебрецен қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық турнирде қазақстандық төртінші боксшы финалға шықты деп хабарлады turkystan.kz. Халықаралық турнирде Айбек Оралбай (92 келі) жартылай финалда неміс боксшысы Марко Прятлячичпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында ол қарсыласынан жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берді. Айбек осылайша ел құрамасынан финалға шыққан төртінші боксшы болып отыр. Бұған дейін Теміртас Жүсіпов (48 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі) финалға шыққан еді. Ел құрамасынан жартылай финалда Дамир Әбдіқадыр (51 келі), Дамир Тойбай (92 келіден жоғары) қарсыластарына есе жіберді. Сондай-ақ, ел құрамасынан Нұрбек Оралбай 80 (келі) 1/4 финалда украин боксшысы Александр Хижнякке жол беріп қойды. Қазақстандық бапкерлер аталған турнирге ел құрамасы сапында 13 боксшыны алып барды.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары