308
Бақытжан Сағынтаев нидерландылық әріптесімен сөйлесті
Бақытжан Сағынтаев нидерландылық әріптесімен сөйлесті
Қазақстан Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев нидерландылық тараптың бастамасымен Нидерланды премьер-министрі Марк Рюттемен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат барысында екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ биыл маусым айында Астанада өтетін Қазақстан – Нидерланды Іскерлік кеңесінің үшінші отырысына дайындық мәселелері қарастырыл-ды.
Екі елдің премьер-министрлері сонымен қатар энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және транзит, ғылым және жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастық әлеуетін талқылады.
Бақытжан Сағынтаев жетекші нидерландылық компанияларды Қазақстанның индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық даму бағдарламаларын іске асыру жұмыстарына қатысуға шақырды. Марк Рютте «ЭКСПО – 2017» көрмесіне Нидерландының ұлттық павильоны қойылатынын, оған дайындықты аяқтап қалғанын айтты. Нидерландының ұлттық күніне қатысу үшін ЭКСПО-ға осы елдің ресми делегациясы келеді деп жоспарлануда.
Айта кетейік,Нидерланды – Қазақстанның басты инвесторларының (ТШИ көлемі – шамамен 60 млрд доллар) және ЕО елдері арасындағы негізгі сауда серіктестерінің бірі (2016 жылғы сыртқы сауда айналымы – 3 млрд доллардан астам).