50328
Қазақстанның бірінші Премьер-министрі Сергей Терещенко қайтыс болды
Қазақстанның бірінші Премьер-министрі Сергей Терещенко қайтыс болды

Қазақстанның бірінші Премьер-министрі Сергей Терещенко 72 жасында қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz.
Сергей Терещенко РКФСР Приморск өлкесінің Лесозаводск қаласында дүниеге келген. Ұлты - украин. 1973 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген. 1987 жылы Алматы жоғары партия мектебін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты (1993).
1991 жылдың 16 қазанынан 16 желтоқсанына дейін — Қазақ КСР Премьер-министрі, 16 желтоқсаннан бастап 1994 жылғы 14 қазанға дейін — Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болды.