Ақмола облысында жол апатынан Қырғызстан азаматы көз жұмды

/
Ақмола облысында жол апатынан Қырғызстан азаматы көз жұмды
ашық дереккөзі
Ақмола облысында жол апатынан Қырғызстан азаматы көз жұмды Ақмола полицейлері Қырғызстан азаматы қаза тапқан жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 8 ақпан күні Жақсы ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Екатеринбург-Алматы автожолының 922 шақырымында жол апаты болғаны хабарланды. МAN жүк көлігі мен Daewoo Matiz автокөлігі соқтығысқан. Алдын ала ақпарат бойынша, Daewoo Matiz автокөлігінің жүргізушісі Қырғызстан Республикасының 64 жастағы азаматы басып озу маневрін жасап, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Қарағанды облысының 55 жастағы тұрғыны тізгіндеген МAN жүк көлігіне соғылған. Апат салдарынан Daewoo Matiz автокөлігінің жолаушысы, Қырғызстан Республикасының 62 жастағы азаматы оқиға орнында қайтыс болды. Daewoo Matiz автокөлігінің жүргізушісі Жақсы аудандық ауруханасына жеткізілді. Жеңіл автокөліктің 18 жастағы және 4 жасар жолаушылары зардап шеккен жоқ. Автокөліктер автотұраққа қойылды. Сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес МAN автокөлігінің жүргізушісі сау болған.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары