Бүгінде партия мүшелері қоғамның қозғаушы күшіне айналды - Саламат Идрисов

Бүгінде партия мүшелері қоғамның қозғаушы күшіне айналды - Саламат Идрисов

Бүгінде партия мүшелері қоғамның қозғаушы күшіне айналды - Саламат Идрисов
ашық дереккөзі
50594
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің басқарма төрағасы – ректоры Саламат Идрисов «AMANAT» партиясының XXV съезі өзгеше форматта өткенін айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгін «AMANAT» партиясының XXV съезіне Атырау облысының делегациясы құрамында және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Бірлік» бастауыш партия ұйымының төрағасы ретінде қатыстым. Партия съезінде еліміздегі, қазақстандық қоғамдағы өзгерістерге партияның үлес қосуы және тек үлес қосып қана қоймай, сол өзгерістерді іске асыратын партияластардың басын құрады. Елімізде жаңа саяси науқан басталды. Елде басталған өзгерістерге саяси партиялар атсалысатыны сөзсіз. Елдегі ең әлеуетті партия - «AMANAT» партиясы екенін бәріміз білеміз. Бұл билік партиясы болғандықтан емес, қазіргі кезде партияның жаңа өзгерістерін, партия саясатының мемлекеттік саясатпен үндестігіне байланысты деп ойлаймын», - деді Саламат Идрисов.
Ол бүгінгі съезд өзгеше форматта өткенін атап өтті.
«Шынымен, партияға жаңа леп, жаңа күш, жаңа бағыт келгенін көрдім. Күн тәртібінде Партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгеріс енгізу, алдағы сайлауда депутаттықта үміткер партиялық тізіммен және бір мандаттық округтер бойынша кандидаттарды бекіту, ең маңыздысы, Партияның сайлауалды бағдарламасын талқылау болды. Мен білім саласында жұмыс жасағандықтан, оның үстіне қазірге кезде университеттің басшысы ретінде білім саласы бойынша сөйлеген спикерлердің сөздері мені қатты ынталандырды. Көпшілікке таныстыруды қажет етпейтін Асхат Аймағамбетовтің білім жайындағы сөздері дана халқымыздың «білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген сөзінің әлі де өзектілігін дәлелдеді. Жаны елім деп соққан әр қазақ білетін «Көк Тудың желбірегені» әнінің авторы Алмасбек Ахметбекұлының сөздері әрбіріміздің көкейіміздегі ойды жеткізді. Бүгінгі жаһандану жағдайында шекарамызды бекітсекте, жан дүниеміздің шекарасы ашық қалғанын айтуы ойландырды. Біз еліміздің егемендігін нық сақтап қалу үшін рухани жан-дүниеміздің берік болуын, рухани тұтастық қана ел тұтастығына кепіл боларын тағы да дәлелдеді. Съезде жаңа Қазақстан үшін еңбек ететін жастардың сөздері 100 мыңнан асатын жас аманаттықтардың қатарындағы елім деген жаңа күштің барына сенім білдірді. Өмір сынағынан сүрінбей өткен паралимпиада жеңімпазы Серік Есматовтың сөзі қанша қиындыққа кезіксеңде жігеріңді мұқатпаудың мәнін жеткізе білді», - деді Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің басқарма төрағасы – ректоры.
Съездің күн тәртібіне сай партиялық тізім бойынша және бір мандаттық округтар бойынша заңнамалық талаптарға сай кандидаттар тізімі бекітілді.
«Алдағы сайлау науқанында кандидаттар жаңаша дамуға бет алған қазақ елі үшін бір мақсат пен бір мүдде үшін аянбай етеді деген сенім бар. Партия төрағасы А.Қошановтың партия қоғаммен, халықпен бірге өзгергенін атап өткеніндей, бүгінгі күн партия мүшелерінен қоғамның қозғаушы күшіне айналды. Біз, өңірдегі партия мүшелері, бүгінгі үлкен жиындағы барлық көңіл-күй мен жаңалықтарды өз өңірлерімізге жеткізетін боламыз. Күш – бірлікте дегендей, халықтың ахуалы, елдің дамуы үшін бірлесе және жауапкершілікпен жұмыс жасауға дайынбыз. Қарапайым қазақстандықтардың ұсыныстары мен мұң-мұқтажынан құралған сайлауалды бағдарламасы қоғамды және әр адамның жағдайын жақсартуды көздейді. Үміт. Сенім. Тәуекел. Осы мән-мағынасы терең сөздерге негізделген партияның жаңа сайлауалды бағдарламасы сайлау науқанына ғана емес, жалпы дамуға тірек болады деп ойлаймын», - деді Саламат Идрисов.

Серіктес жаңалықтары