«Егер біз, әділ мемлекет, әділ экономика, әділ қоғам құрамыз десек, онда ең бірінші ауылды аяғынан тұрғызуымыз қажет. Әділдік сонда ғана болады! Ауыл – бәрімізді тербеткен бесігіміз! Жердің киесі мен Елдің иесінің қаншалықты маңызды екенін «AMANAT» партиясы өте жақсы түсінеді және соған қызмет етеді. Ұлттық болмысымызды сақтаудың, халқымызды тарыдай шашып алмаудың бір жолы, ол – ауылдардың инфрақұрылымын дамыту. Осы мақсатты іске асыру үшін «AMANAT» партиясы алдағы бес жылда жүйелі жұмыс істейді. Бәріміздің мойнымызда үлкен парыз бен қарыз бар, ол – ауылды көркейту. Ауылды ұмытпайық! Жүректерімізде де, ойларымызда да «Ауыл» деген сөз, тасқа ойылған ою құсап тұрсын!» - деді Еділ Жаңбыршин.
Ауыл – бәрімізді тербеткен бесігіміз! – Еділ Жаңбыршин

Ауыл – бәрімізді тербеткен бесігіміз! – Еділ Жаңбыршин
Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясының бұрынғы депутаты Еділ Жаңбыршин «AMANAT»-тың кезектен тыс Съезінде ауылды көркейту керегін сөз етті деп хабарлады turkystan.kz.