Шымкентте жер сілкінді

Шымкентте жер сілкінді

Шымкентте жер сілкінді
ашық дереккөзі

Шымкентте 2-3 балдық жер сілкінісі болды деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы СОМЭ сейсмикалық стансалар желісі хабарлады.

Жерасты дүмпулері Алматы уақыты бойынша 19.02-де тіркелді.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан батысқа қарай Қазақстан аумағында 628 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,7. Магнитудасы MPV 5,4. Эпицентр координаттары - солтүстік ендік 42,72° және шығыс бойлық 69,24°. Тереңдігі - 5 км. Шымкенттегі жер сілкінісі 2-3 балдық болған», –  делінген хабарламада.

Жер сілкінісі Тараз қаласында да – 2 балл және Темірлан ауылында – 3 балл (Түркістан мен Шымкент арасындағы елді мекен) болған.