2016 жылы 7 мың қазақстандық тегін оқытылды

2016 жылы 7 мың қазақстандық тегін оқытылды

2016 жылы 7 мың қазақстандық тегін оқытылды
ашық дереккөзі
183
2017 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтерге сай, 6 335 бағдарлама қатысушысы оқуын аяқтады, олардың 5 431-і еңбекпен қамтылды, деп жазады primeminister.kz. Өткен жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында тегін оқумен 7 240 адам қамтылды, оларға жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді. Сонымен бірге, еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру мақсатында мемлекеттік қолдау шараларымен 2 мыңға жуық адам қамтылды. Оның ішінде облысаралық қоныс аударуға 1 207 адам қатысты. Республиканың оңтүстік өңірлерінен Павлодар облысына — 600 адам, Солтүстік Қазақстан облысына — 404, Қостанай облысына — 111, Шығыс Қазақстан облысына 92 адам көшірілді. «Қоныс аударған азаматтардың 1 078 адамы еңбекке жарамды, бүгінгі таңда оның 436-сы жұмысқа орналасты», — делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы ЖҚЖК-2020 бағдарламасының үшінші бағытын жүзеге асыру мақсатында 6,8 млрд теңге бөлінген болатын. Аталған қаражаттың есебінен азаматтар жаңа кәсіп иесі атанып, сонымен қатар, біліктіліктерін арттырды, жаңа қоныс орнында жұмысқа орналасты.

Серіктес жаңалықтары