Төтенше жағдай министрлігінің бөлімшелері түні бойы су сору және инертті материалы бар қапшықтарды төсеу жұмысын жалғастырды деп хабарлады turkystan.kz. Сонымен қатар, «Қазгидромет» РМК дерегінше, 3 ақпан Түркістан облысының көп бөлігінде жауын-шашын жауады, сондай-ақ температура жоғарылап, қар қарқынды ериді. Еріген қар суынан ағын пайда болады, мұз әлсіреп, өзендердегі су деңгейі көтеріледі. Айта кетейік, өңірдегі Кентау, Түркістан қалаларында және Бәйдібек, Сауран, Ордабасы аудандарында жауын-шашыннан көшелер мен аулаларды су басып жатыр.
Жүктелуде...